Отырған күйі басқарылатын

Электр арбалар - отырған күйі басқарылатын

R-сериялы отырған күйі басқарылатын ВТ электр арбалары орындығы бар шанақтан тұрады, бұл орындалатын операциялардың өнімділігін арттыру үшін оператор жұмысының максималды қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. 
Мұндай арбалар жүктерді алыс қашықтықтарға жылжыту үшін, қарқынды әрі күрделі тиеп-түсіру операцияларын жүзеге асыру кезінде қолданылады. Жол мен құрал арасындағы аралықты көтеру мүмкіндігінің арқасында, аталған сериядағы электр арбаларды сондай-ақ қиғаш және тегіс емес беттерге пайдалануға болады.
15 км/сағ түріндегі максималды қозғалу жылдамдығын қамтамасыз ететін қуатты айнымалы тоқ электр қозғалтқышы жұмыс өнімділігін едәуір жоғарылатады.
 


Спецификациялар

Модель Жүк көтергіштігі, кг Батареяның сыйымдылығы (А/сағ)  
LRE200 2000 620 Құнын білу
LRE300/LRE300T 3000 840/1000 Құнын білу
1

Максималды жылдамдығы 19,9 км/сағ дейін

R-сериялы отырған күйі басқарылатын ВТ электр арбаларының келесідей артықшылықтары бар:
  • Тербеліс әсерін төмендететін жұмсақ әрі ыңғайлы шанақ;
  • Реттелмелі орындық, рөл және басқыш;
  • Операторға арналған жеке код орнату/бағдарламалау мүмкіндігі;
  • Жинастырылатын тауарды тұғырыққа оңай орналастыруға көмектесетін ыңғайлы көтергіш ашалар;
  • Көтеру биіктігіне қарай, техниканың жылдамдығын, үдеуі мен тежелуін автоматты түрде реттейтін ВТ Optipace жүйесінің болуы;
  • Жылдамдықты 19,9 км/сағ дейін үдетуге мүмкіндік беретін, сыйымдылығы жоғары қос АКБ қозғалтқышының болуы.

Клиенттің қалауы бойынша төменде көрсетілген және өзге қосымша опциялар қарастырылуы мүмкін:
  • Оператордың қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бас тұсындағы қорғаныс торы; 
  • 3590 мм дейінгі ұзындық мәнін таңдау, бұл опция электр арбаны бірнеше тұғырықты алыс қашықтыққа жылжыту үшін қолдануға мүмкіндік береді.