Тиегішті қалай дұрыс таңдауға болады?

Тиегішті қалай дұрыс таңдауға болады?

Заманауи қойма жайларда бүгінгі таңда тиегіштердің екі түрі – іштен жану қозғалтқышымен (дизельмен немесе газбен/бензинмен жұмыс істейді) жабдықталған тиегіштер және айнымалы тоқ қозғалтқыштары (электр тоғымен жұмыс істейді) орнатылған электр тиегіштер қолданылады.
Дизельмен немесе газбен/бензинмен жұмыс істейтін тиегіштер ашық алаңдарда қолданылады және электр тиегіштермен салыстырғанда тұрақты түрде қосымша зарядтау үшін арнайы үй-жайды талап етпейді. Басым түрде, дизельді тиегіштердің кемшілігі олардың шулы екендігі және жұмыс кезінде қызуы болып табылады. Дизельді және газ-бензинді тиегіштер газ шығаруына байланысты негізінен ашық ауадағы тиеп-түсіру жұмыстарына пайдаланылады. Оларды үй-жайдың ішінде қолдану кезінде үй-жай желдетілуі және оларға шығарылған газдардың катализдік нейтрализаторлары орнатылуы тиіс.
Электр тиегіштер үй-жайдың ішінде қолдануға арналған. Электр тиегіштер зиянды газдар шығармайды, шусыз, үнемді, оларға қызмет көрсету оңай. Олар жабық үй-жайларда тамақ өнімдері мен өзге заттарды тасымалдауға жарамды. Жабық үй-жайларда сондай-ақ 30 немесе 50 литрлік газ баллондарымен жабдықталған, жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі газ-бензинді тиегіштерді қолдануға болады.

Жүк тасымалдау маршруты

Тиегішті таңдау кезінде жүкті тасымалдау маршрутын – жолдың ұзындығын, жолдың енін, сөрелердің өлшемін, өрлер мен бұрылыстарды, еңістерді және т.б. есептеу өте маңызды. Тиегіштің жұмыс істеу шарттарына сай маршрутты талдау арқылы тиегішті қосымша опциялармен жабдықтау қажеттігі туралы білуге болады.
Ашалардың ұзындығын дұрыс таңдау маңызды фактор саналады. Ашалардың ұзындығы жиі жағдайда, әдетте 700-ден 1200 мм дейін жететін паллеталардың (тұғырықтардың) типіне тәуелді. Сондықтан паллеталардың өлшемдерін және жол енінің ашалардың ұзындығынан кем болмауы тиіс екендігін ескеру маңызды.

Тиегіштің жүк көтергіштігін есептеудің маңыздылығы 

Ашалы тиегіштің жүк көтергіштігі оның маңызды сипаттаушы параметрі саналады. Өндіруші белгілеген номиналды жүк көтергіштік – бұл тиегіштің тиеп-түсіру жұмыстарын орындауына мүмкіндік беретін ауырлық ортасының орналасу орнының тиянақталған мәні негізінде есептелетін жүктің максималды салмағы. Тиегіштің жүк көтергіштігін таңдау кезінде жүктің максималды салмағы мен габариттерін, ауырлық ортасының орналасуын, өрдің биіктігін, жүктің тиегіштің жүк күймешесіне қатысты орналасу орнын ескеру маңызды.
Бұл параметрлердің барлығы және олардың өзара байланысы мачтаның типіне байланысты, тиегіштің әрбір жеке моделі үшін жасап шығарушы зауыттың каталогтарында жеке-жеке көрсетіледі. Олар «қалдық» жүк көтергіштікті жылдам әрі дұрыс анықтап, «номиналды» жүк көтергіштік көрсеткішін таңдауға мүмкіндік береді.

Мысал түрінде төменде «номиналды» жүк көтергіштігі 2000 кг TOYOTA 8FD/FG20 таңбалы ашалы тиегіштерге (іштен жану қозғалтқышымен жабдықталған) арналған жүк көтергіштік кестесі (кг) келтірілген.

А (мм)37004000430045004700500055006000
B (мм)5002000195019001850185014501200850
6001810176017201670167013101080770
700165016101570153015301200990700
800152014901450141014101100910650
900141013801340131013101020850600
100013201280125012201220950790560
110012301200117011401140890740520
120011601130110010701070840690490
130010901070104010101010790650460

Аспамен жабдықталған (бөшкелерге арналған қысқыш, бумаларға арналған қысқыш және т.б.) тиегіштердің қалдық жүк көтергіштігін есептеу қосымша аспа жабдығының салмақтық және габариттік параметрлерін ескере отырып жүргізіледі.
Сонымен бірге, тиегіштің жүк көтергіштігін таңдау кезінде тиегіш қолданылатын қойма жайындағы сөре жабдығының негізгі сипаттамаларын есепке алу қажет. Мұндай жағдайда, таралған қателіктердің көбісі евро-паллеталардағы жүктерге арналған сөре жабдығының құрастырылымдық ерекшеліктеріне байланысты туындайды. Сөре жабдығының құрастырылымы бойынша оның ені (төсемсіз) жиі жағдайда 1200 мм түрінде келеді.

Өлшемдері 800 х 1200 мм және 1000 х 1200 мм болатын стандарт евро-паллеталар бұл жағдайда сөре жабдығына ұзын жағымен орнатылады. Мұндайда бірдей бірнеше жүктің, олардың жүк күймешесіне ұзын немесе қысқа жағымен орналасуына қарай, ауырлық ортасының мәндері екі түрлі, тиісінше тиегіштің бір моделінің қалдық жүк көтергіштігінің әртүрлі екі көрсеткіші болады.

Мачтаның типі мен өлшемін таңдаймыз.

  Toyota тиегіштерінің матчталарының келесідей типтері болады: 
* жүк көтергіштігі 2000 кг TOYOTA 8FD/FG20 тиегіштеріне арналған жіктеме.

1. V типті – екі секциялы, еркін жүрісі * 150 мм
2. FV типті – екі секциялы, еркін жүрісі 895 мм бастап 1995 мм дейін
3. FSV типті – үш секциялы, еркін жүрісі 1225 мм бастап 2525 мм дейін

* Еркін жүріс – бұл жинақы күйде мачта биіктігінің ұлғаюына әкеп соқтырмайтын, ашалардан немесе өзге аспалы құрылғылардан тұратын жүк күймешесі көтерілетін қашықтық.

V типті мачта үлкен жұмыс алаңдарындағы тапсырмалардың кең спектріне қолданылады. Керемет алдынан шолу мүмкіндігін және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 
FV типті мачта аласа қойма жайларында, контейнерлерде жұмыс істеу үшін қолданылады. Еркін жүріс көрсеткішінің жоғарылығы кеңістікті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Аталған мачта жүктерді төбеге тірелгенше қаттау кезінде ұсынылады.
FSV типті мачта аумағы шектелген алаңдардағы кіру/шығу орындары аласа қойма жайларында жұмыс істеу кезінде қолданылады. Аталған мачта жүктерді жинастыру үшін қойма жайдың көлемін толықтай қолдануға, осы арқылы оны төбеге тірелгенше толтыруға мүмкіндік береді.
Мачталардың барлық параметрлері тиегіштің әрбір жеке моделіне арналған арнайы каталогтарда көрсетіледі. Қолдану жағдайларына және жүктерді көтерудің қажетті биіктігіне қарай мачтаның типі мен өлшемдерін дұрыс таңдауға болады.

Мысал ретінде, төменде жүк көтергіштігі 2000 кг TOYOTA 8FD/FG20 таңбалы автотиегішке арналған мачталар кестесі (таңдау түрінде) келтірілген.